Басты бет / Химия және химиялық технология / органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер / Бектемисова Айнаш Утешевна

Бектемисова Айнаш Утешевна

Лауазымы: доцент
органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер
Scopus author ID: 57219451674
abektemisova@mail.ru
7(727) 221-15-04 вн:1504
       Бектемісова Айнаш Өтешқызы 29.09.1975 ж. туған, ұлты-қазақ, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1992 жылы К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына түсіп, 1996 жылы Солтүстік Қазақстан университетін химия -биология мамандығы бойынша, 2010 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтадым. Оқуды бітіргеннен кейін Петропавл қаласындағы №6 мектепте химия -биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 1998 жылдан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялар кафедрасында оқытушы, ал 2007 жылдан аға оқытушы, 2011 жылдан бастап осы кафедраның доценті ретінде жұмыс жасадым. 2012 жылдан бастап Жаратылыстану және спорт факультеті деканының ғылыми зерттеулер мен сапа менеджменті жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2018 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «М.Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы және Басқарма хатшысы болып жұмыс істедім. 2010 ж. Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ жанындағы диссертациялық кеңесте «02.00.06 - Жоғары молекулалы қосылыстар» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғадым. 2021 жылы 02.00.00 - «Химия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) академиялық атағы берілді. Аға ғылыми қызметкер ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Суда еритін және суда дисперсті металдардың жемірілуіне қарсы ингибиторларды алу әдістерін әзірлеу» ғылыми жобасының орындаушысы болдым. Екі рет (2017, 2019) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2016-2018 жылдары АТУ базасында ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ББ мамандықтары топтары бойынша ОӘБ РОӘК мүшесі болдым. Бірлескен авторлармен 60-тан астам ғылыми еңбектер мен 19 оқу-әдістемелік еңбектер жарияланды, оның ішінде ОӘБ РОӘК ұсынған 1 оқу құралы, 2 монография, БҒССҚК ҚР БҒМ ұсынған басылымдарда 13 ғылыми мақала жарияланды, халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда 2 мақала, ҚР 2 инновациялық патенті. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін. Әскери қызметке қатысым жоқ, тұрмыстамын. Өзім және менің ең жақын туыстарым қылмыстық жауапқа тартылмаған.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Петропавл педагогика институты Жоғары 1996
Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағыңыз
Ғылыми атағыңыздың атауы Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент) 10.02.2021
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0