Әмребаева Жылдыз Тоқонқызы философия кафедрасында 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді және «Философия», «Ғылым философиясының тарихы» және «Әл-Фараби және қазіргі заман» сияқты ағылшын тіліндегі пәнаралық курстардың жетекші оқытушыларының бірі болып табылады. Кең кәсіби танымы мен өзін-өзі дамытудың жоғары деңгейіне ие (2021 жылы ҚазҰУ-да біліктілікті арттыру курсынан өтті), ол білім беру процесінде студенттердің құзыреттерін қалыптастыру үшін белсенді және интерактивті сабақ өткізу формаларын қолданады. Оның бай педагогикалық тәжірибесі сабақтарды жоғары кәсіби деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Ж.Т. Әмребаева халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. 2019-2020 жылдары оның бірқатар маңызды ғылыми жұмыстары жарық көрді, соның ішінде «Energy Justice Across the Border» (Springer International Publishing, Швейцария, 2019 ж.) ұжымдық монографиясындағы "The Kazakh Ethical Tradition and Anti – nuclear Ethics" тарауы және Central Asia and the Caucasus (Швеция, 2019 ж.) шетелдік басылымындағы мақаласы бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

М.В.Ломоносов атынд. ММУ
Жоғары
1990
Қызығушылығы