Басты бет / Физика-техникалық / Қатты дене физикасы және бейсызық физика / Сахиева Жадыра Кайратовна

Сахиева Жадыра Кайратовна

Лауазымы: оқытушы
Қатты дене физикасы және бейсызық физика
Жасырылған
       Сахиева Жадыра Кайратовна 1985 жылы 28 қараша айында Алматы облысы, Күрті ауданы, Акши селосында дүниеге келген. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек бектінде туып өсіп,1992 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, 2003 жылы аяқтады. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетіне "130140-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" мамандығына оқуға түсті. Осы мамандықта 5 жыл оқып "Металлмен түрлендірген көміртегінің алмастектес қабыршақтарының оптикалық қасиеттерін зерттеу" атты дипломдық жұмысын қорғады. Аталған мамандықты 2008 жылы бітіріп инженер-физик біліктілігі берілді.2009 жылдың сәуір айынан бастап аталған факультеттің қатты дене физикасы және материалтану кафедрасына жоғары білімді маман қызметіне қабылданды. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап осы факультеттің деканатына жетекші маман қызметіне ауыстырылды. 2011-2013 жылдар аралығында осы факультеттің "6М071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Магистрлік дессертациясын "Полиимидті композитті материалдардың толықтырғыштың концентрациясына оптикалық қасиеттерінің ерекшеліктері" тақырыбында қорғады.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2008
Академикалық дәреже
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0