Жанибеков Акынкожа Каленович 1980 жылы 13 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетін бітірген. Сол жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының магистратурасына түсіп, 2003 жылы «Халықаралық құқық магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша РhD докторантурасына оқуға түсті. 2013 жылы докторантураны бітіріп, РhD докторантурасында оқу бағдарламасы бойынша барлық қажетті кредиттер мен талаптарды игерді және орындады. 2014 жылдың 11 сәуірінде «Құқықтану» мамандығы бойынша РhD докторы ғылыми дәрежесін алды. 2003 жылдан 2008 жылға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2008 жылғы 1 қыркүйектен 2010 жылғы 1 қазанға дейін тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 1 қарашаға дейін заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы меңгерушісінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы 31 тамызға дейін заң факультетінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды. «ЖОО - ның үздік оқытушысы-2018» атағының иегері. 2020 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды. 2025 жылы профессор атағын иеленді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2003 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
PhD докторы |
11.04.2014 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
профессор |
01.01.2001 |
13
құжаттар
4