Жақыпов Ә.С. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде «5B071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» және «8D07112 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандықтары бойынша сәйкесінше бакалавриат пен магистратураны тәмамдады. Магистрлік диссертациясын «Наноқұрылымды метаматериал моделін әзірлеу және оның қасиеттерін сандық модельдеу арқылы талдау» тақырыбында орындады. Жақыпов Әлібек Серікұлы — «6D072300 — Техникалық физика» мамандығы бойынша PhD докторы. PhD диссертациясының тақырыбы: «Модификацияланған GST қабықшаларына негізделген ақпаратты оптикалық және электрлік жазуға арналған энергияға тәуелсіз жад элементтері». Ғылыми-зерттеу саласы жартылай өткізгіштер физикасы болып табылады, атап айтқанда халькогенидті наноөлшемді жартылай өткізгіштердің электрлік және оптикалық қасиеттері, ионды-плазмалық магнетрондық бүрку әдісімен наноөлшемді құрылымдарды алу және сұйықтықтағы электрлік разряд әдісімен жартылай өткізгіш нанобөлшектерді синтездеу. «18th series of Advanced Energy Materials conference (Imperial College London) 2022», «19th International Conference on Advanced Nanomaterials (University of Aveiro, Portugal) 2022», «Конденсацияланған күй физикасының, нанотехнологиялар мен наноматериалдардың заманауи мәселелері» (Алматы, Қазақстан, 2018), «9th International Conference on Amorphous and Nanostructured Chalcogenides (Chisinau, Republic of Moldova, 2019)», «The International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems (Almaty, Kazakhstan, 2019, 2020, 2022)», «Аморфты және микрокристалдық жартылай өткізгіштер» (Санкт-Петербург, Ресей, 2021, 2023), «28th International Conference on Amorphous and Nanocrystalline Semiconductors (Palaiseau, France, 2019)» сияқты көптеген халықаралық конференцияларға қатысты. Халькогенидті ретсіз жартылай өткізгіштер саласындағы жетекші мамандар — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Цендин Константин Дамдинович пен профессор Колобов Александр Владимировичтің жанында тағылымдамадан өтті. Профессор Колобов А.В. (h-index 48) Жақыпов Ә.С.-тің докторантурадағы ғылыми жетекшісі болып табылады. 2014 жылдан бастап Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертханада және Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасында «Механика», «Молекулалық физика» және «Үздіксіз орта механикасының негіздері»


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
10.07.2025
Қызығушылығы