әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетіне, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша мемлекеттік грантты жеңіп алып, оқуға түседі. Осы мамандық бойынша 4 жыл білім алып, “Бірдей параметрлері бар жолақты және сым антенналарының күшейту коэффициенттері” тақырыбындағы дипломдық жұмысын “ өте жақсы ” деген бағаға қорғап, 2019 жылы 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры дәрежесі берілді. 2019 ж бакалавр дәрежесін алғаннан соң, осы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не магистратураға мемлекеттік грантты РЭТ мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша жеңіп алды. Оқу жылдарында жоғары дәрежеде белсенділік танытты. “Торайғыров университетінің хабаршысы” ғылыми журналының, физика-математикалық сериясы бойынша, “Мобильді терминалдардағы біріктірілген кең жолақты миллиметрлік толқынды 5G антенна мен төменгі жиілікті антенна” тақырыбында мақала жарияланды. Магистрлік диссертацияны “Фракталдық антеннаның жиіліктік сипаттамаларын информация-энтропиялық талдау ” тақырыбы бойынша “өте жақсы” деген бағаға қорғап, 7M06201 – РЭТ мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді, бағыты – ғылыми-педагогикалық. 2021 жылғы оқу жылынан бастап, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасында оқытушы қызметін атқаруда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0