Білімі. 1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік бітірді. 1986 жылы профессор С.Б.Байсаловтың жетекшілігімен «Правовая охрана атмосферного воздуха в Казахской ССР» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1996 жылы «Экологическое законодательство Республики Казахстан» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1998 жылы профессор ғылыми атағын иеленді. Кәсіби жұмыс тәжірибесі. Еңбек қызметі жоғары білім беру жүйесімен тығыз байланысты. 1982- 1997 жылдары ҚазМУ заң факультетінің оқытушысы, 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің қызметкері, 1998-2002 жж. ҚазҰУ заң факультетінің табиғи ресурстар және экологиялық құқығы кафедрасының меңгерушісі, 2002-2024 жылдары әл- Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы. Қазіргі уақытта кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры. Д.Л. Байдельдиновтың жетекшілігімен заң факультеті әлемнің 80-нен астам университетімен ғылыми, оқу және әдістемелік ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасасты, оның ішінде 15 университет әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіреді. Ғылыми бағыты мен жарияланымдары. Д.Л. Байдельдиновтың ғылыми қызығушылығы экологиялық құқық саласы болып табылады. Профессор Д.Л.Байдельдиновтың ғылымға қосқан үлесі Қазақстан Республикасында алғашқы болып табиғатты қорғау құқығының жеке құқық саласы ретінде дербестігін дәлелдеді. Негізгі еңбектері: «Экологическое законодательство Республики Казахстан» (1995ж.), «Юридическая ответственность за экологическое правонарушение» (1993г.), «Государственный правовой механизм управления в области экологии» (1998ж.), «Правовые проблемы реформирования экологического законодательства Республики Казахстан» (1998ж.), «Экологическое право Республики Казахстан» (2004ж.) және т.б. Профессор Байдельдинов Д.Л. экологиялық заңнаманы біртұтас нормативтік актіге – Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне кодификациялау керектігін дәлелдеді. 1996 жылы Экологиялық кодекстің жобасын, оның құрылымы мен мазмұнын жазды. Тек 10 жылдан кейін, яғни 2006 жылы Қазақстан Республикасында Экологиялық кодекс қабылданып, жұмыс істей бастады. Профессор Д.Л. Байдельдинов ғылыми жобаларға белсенді қатысу арқылы экологиялық құқық теориясын жүйелі түрде дамытуда.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1982 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
15.11.1996 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
профессор |
13.11.1998 |
доцент |
01.01.2001 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 21.04.2010 |
| "Ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісі | 13.04.2010 |
| "Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі | 02.04.2010 |
| Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 24.12.2009 |
| "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медаль | 06.07.2008 |
| "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтойлық медалі | 17.01.2006 |
| "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі | 25.08.2005 |
| Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы | 07.12.2004 |
| Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі | 03.12.2001 |
4
құжаттар
3