Басты бет / Заң / Кеден, қаржы және экологиялық құқық / Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы

Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы

Лауазымы: доцент м.а.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық
Жасырылған
       Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы 1967 жылы 17 тамызда Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1974 жылдан 1984 жылға дейін Арыс қаласындағы Әліби Жанкелдин атындағы № 7 қазақ орта мектебінде оқыған. Мектепті алтын медальмен бітірді. 1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Заң факультетіне оқуға түсті. 1986 жылдан 1988 жылға дейін Украинаның Днепропетровск қаласында КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінде өзінің азаматтық борышын өтеді. Әскерден оралғаннан кейін оқуын жалғастырып, 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша ойдағыдай бітірді. 1996 жылы 29 ақпанда Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «12.00.06 – Экологиялық құқық, жер құқығы, аграрлық құқығы» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде «Право сельскохозяйственного водопользования в Республике Казахстан на этапе перехода к рынку» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Еренов Әбдуәлі Еренұлы. Өзінің еңбек жолын Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы 1991 жылдан бастаған. - 1991 жылдан - 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының аспиранты. - 1994 жылдан - 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының кіші ғылыми қызметкері. - 1995 жылдан - 1996 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының ғылыми қызметкері. – 1996 жылдан - 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және Құқық институтының аға ғылыми қызметкері. – 1997 жылдан - 2001 жылға дейін Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Заң факультетінің деканы қызметін атқарды. – 2001 жылдан 2008 жылға дейін Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Сырттай – гуманитарлық факультетінің деканы қызметін атқарды. – 2008 жылдан 2012 жылға дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Заң факультетінің «Азаматтық – құқықтық пәндер» кафедрасының доценті қызметін атқарды. – 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін НАРХОЗ Университетінің «Құқық» Ғылыми-білім беру департаментінің профессоры қызметін атқарды. - 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Әл – Фараби ҚазҰУ-нің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті қызметінде.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
С.М.Киров атынд.ҚазМУ Жоғары 1991
Ғылыми дәрежесі
Файл атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Жер құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Кеден құқығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0