Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Рекреациялық география және туризм / Акбар Иманалы

Акбар Иманалы

Лауазымы: аға оқытушы
Рекреациялық география және туризм
Scopus author ID: 57214880351
Жасырылған
       Мен, Иманалы Акбар, 1984 жылы 28 ақпанда ҚХР СУАР Нылқы ауданында дүниеге келдім. Әкем Акбар Жұмақанұлы мешіт имамы, шешем Қиаш Меделханқызы ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған (ол кісілер өмірден озған). 2003 жылы Іле қазақ автономиялы облысы Құлжа қаласындағы №1 қазақ орта мектепті бітіріп, СУАР қазына-экономика универиситетінің статистика және информатика факультетіне түстім. 2008 жылы университетті бітірген соң Үрімші халықаралық тур агенттігінің виза бөлімінде 1 жыл жұмыс жасадым. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың маусым айына дейін СУАР педагогикалық университетінің кадрлардың біліктілігін арттыру факультетінде 4 жыл оқытушы болып жұмыс жасадым. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2014 жылдан маусым айына дейін 1 жыл Үрімшідегі Игілік ағылшын оқыту орталығында ағылшын тілінен сабақ бердім. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың маусым айына дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің география кафедрасында магистратурада оқыдым. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдан маусым айына дейін 1 жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің туризм ғылыми зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2021 жылдың маусым айына дейін Қытай ғылым акедемиясы университетінде "Дүниежүзілік мұра объектілеріндегі тұрғындардың экотуризмнің дамуына қатысуын зерттеу: Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік табиғи мұра объектісі мысалында" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. Үйленгенмін, жұбайым — Балжан Кенесбекқызы, 1994 жылы туылған, Алматы обылысы Талғар ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы №37 орта метебінде мұғалім.

1

Акбар Иманалы Тұрақты туризмді дамытуға туризм кірістерін бөлу шектеулерінің әсері: Ақсу-Жабағылы қорығын зерттеу, Қазақстан 2021 - г. 21 - стр. 38

2

Акбар Иманалы Жағымсыз саяси ортаның тұрақты туризмге әсері: Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік мұра объектісін зерттеу, Қазақстан 2020 - г. 18 - стр. 12

3

Акбар Иманалы Моминов С.А. Қазақстанның Ақсу-Жабағылы табиғи қорығындағы қауымдық экотуризм дамуының тұрақтылығы: жергілікті тұрғындардың қабылдауы арқылы бағалау 2022 - г. 14 - стр. 9

4

Акбар Иманалы Қазақстан, Ақсу-Жабағылы қорығында қауымдастық негізіндегі экотуризмді дамыту жағдайын бағалау 2021 - г. 9 - стр. 35

5

Акбар Иманалы ШЫҒЫС АФРИКА ВИРУНГА ұлттық саябағында жанартау атқылауы кезіндегі ландшафттың өзгеруіне әсер ететін факторларды салыстыру 2021 - г. 15 - стр. 2021

6

Акбар Иманалы Алматы (Қазақстан) және Ыстықкөл (Қырғызстан) облыстарының шекаралас аумағында туристік ынтымақтастықтың ресурстық әлеуетін бағалау 2021 - г. 12 - стр. 60

7

Акбар Иманалы Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енетін Ақсу-Жабағылы қорығының туристік-экологиялық жағдайы 2020 - г. 10 - стр. 58

8

Акбар Иманалы Ақсу-Жабағылы дүниежүзілік мұра нысаны маңындағы Жабағылы ауылындағы туристік өнімдердің даму жағдайы 2020 - г. 9 - стр. 100

9

Акбар Иманалы ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТУРИЗМГЕ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕР: АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ТАБИҒИ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ОРНЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ, ҚАЗАҚСТАН 2020 - г. 17 - стр. 28

10

Акбар Иманалы Орынбасарова Г.О., Абдреева Ш.Т., Артемьев А.М., Тумажанова М.О. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы табиғи қорығындағы қауымдастық негізінде экотуризм моделін әзірлеу және басқару бойынша зерттеу 2022 - г. 16 - стр. 10
Автордың құжаттары

6

Цитирования

31 по 27
құжаттар

h-индексі

3

Sustainability of the community-based ecotourism development in the Aksu-Zhabagly nature reserve, Kazakh-stan: An evaluation through local residents’ perception

Akbar, I., Maksatovna, S.A., Kazbekkyzy, M.Z., Zhaksybekkyzy, T.A., Tagabayevich, S.A., Abdukarimovich, M.S.

2022

Region
9, с. 69-82

1

Цитирований
Evaluation of the community-based ecotourism development status in the Aksu-Jabagly nature reserve, Kazakhstan

Akbar, I., Myrzaliyeva, Z.K., Tazhekova, A.Z., Saulembayev, A.T., Kenzhebay, R.N.

2021

Geojournal of Tourism and Geosites
35, с. 381-389

4

Цитирований
Comparing factors conditioning landscape change during volcanic eruption at virunga national park, east africa

Udahogora, M., Yang, Z.P., Nzabarinda, V., Akbar, I., Mindje, R., Umwali, E.D.

2021

Applied Ecology and Environmental Research
19, с. 3789-3803

0

Цитирований
2020

Sustainability (Switzerland)
12, с.

15

Цитирований
2020

Geojournal of Tourism and Geosites
28, с. 35-41

11

Цитирований