Токсанбаева Нұргүл Қорғаджановна – психология ғылымдарының докторы, кәсіби қызметін жоғары білім беру жүйесінде 33 жыл бойы атқарып келе жатқан тәжірибелі ғалым және педагог. Ол 1990– 1994 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы педагогикалық университеттің жаратылыстану факультетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алды. 1996–1998 жылдары Абай атындағы АГУ-дың психология кафедрасында аспирантурада оқып, 2001 жылы кандидаттық диссертациясын, 2009 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2005 жылы психология мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2025 жылы психология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын иеленді. Ғылыми-педагогикалық еңбек жолы 1994 жылы Шәкәрім атындағы университетте педагогика және психология кафедрасында оқытушы-стажер қызметінен басталды. Кейін Абай атындағы университетте оқытушы, кейіннен ҚазҰУ-де доцент, этникалық және жалпы психология кафедраларында профессор қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры болып жұмыс істеп келеді. Ғалымның ғылыми қызығушылықтары қарым-қатынас психологиясы, тұлғалық даму, эксперименттік психология, педагогикалық психология бағыттарын қамтиды. Ол 160 -дан астам ғылыми еңбек, оның ішінде монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен халықаралық журналдардағы мақалалар жариялаған. Зерттеулері Scopus базасындағы журналдарда жарық көріп, отандық және шетелдік ғылыми қауымдастықта кеңінен танылды. Нұргүл Қорғаджановна көптеген халықаралық конференцияларға қатысып, этнопсихология, тұлғалық даму, қарым-қатынас психологиясы саласында маңызды ғылыми нәтижелер ұсынды. Жетекшілігімен 3 PhD доктор, 6 кандидат және 21 магистр қорғатып шығарды. 2008 және 2009 жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағымен марапатталды. Өзінің кәсіби қызметінде Нұргүл Қорғаджановна білім беру процесіндегі инновацияларды дамытуға, болашақ мамандардың ғылыми мәдениеті мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше үлес қосып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Шәкәрім атынд.Семей мемл.университеті
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
24.03.2001
Доктор
25.11.2009

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
25.11.2005
профессор
11.09.2025
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант "2009 жылғы ЖОО үздік оқытушысы"
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

8

Цитирования
16 по 16

құжаттар

h-индексі

2