Басты бет / Химия және химиялық технология / Жалпы және бейорганикалық химия / Абишев Талгат Булатович

Абишев Талгат Булатович

Лауазымы: аға оқытушы
Жалпы және бейорганикалық химия
Жасырылған
       Химия саласында Ph.D 1978 жылы 10 қазанда Алматы қаласында туған. Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың химия факультетінің бакалавриаты (1999 ж.) мен магистратурасын (2001 ж.) «химия» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2010 жылы радиациялық экология, радиобиология, радиохимия мамандығы бойынша «философия докторы» (Ph.D.) академиялық дәрежесін алу үшін «Оңтүстік Қазақстан және шекаралас Қырғызстан аумағындағы Шу өзені аңғарының радиоэкологиялық жағдайы» тақырыбында диссертация қорғады. Қызметі: 2001-2007 ж. – Мемлекеттік ядролық орталық, Ядролық физика институты, қолданбалы ядролық физика бөлімі, төменаялық сәуле шығару бас лабораториясының инженері. 2007-2010 ж.ж. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейорганикалық химия кафедрасының докторанты, ассистенті, оқытушысы. 2010-11 ж.ж. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары. 2011 жылдан бері - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің, тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық- әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің бастығы. Педагогикалық қызметі: «Элементтер химиясы», «Бейорганикалық химия», «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері», «Химиядан есептер шығару», «Бейметалдар химиясы» және т.б. пәндер бойынша дәрістер оқып, сабақ жүргізеді. Ғылыми қызметі: Ғылыми зерттеулер саласы радиохимия, радиоэкология, радиациялық биология, радиобелсенді элементтермен байланысты. 2004-2005 жылы МНТЦ К-749 «Семей сынақ полигон топырағының «ыстық» бөлшектерін зерттеу және жүйелеу» атты жобасы бойынша жұмыс істеді. 2007-2009 жылы № К-1474 «Влияние природных залежей урана и технологических работ по его добыче и переработке на состояние окружающей среды на приграничных участках долины р. Чу Южного Казахстана и сопредельного Кыргызстана» атты жобасы бойынша жұмыс істеді. 2008 жылы Ph.D бағдарламасы бойынша Норвегияның Өмір жайлы Ғылымдар университетінде ғылыми машықтанудан өтті.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 1999
Академикалық дәреже
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0