ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Халықаралық қатынастар факультеті/ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы/ Мырзабеков Молдахмет Сейдахметович


Мырзабеков Молдахмет Сейдахметович
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 5.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: халықаралық қатынастар

Кафедра: халықаралық қатынастар және әлемдік экономика
Лауазымы: доцент м.а.

Өмірбаян

Мырзабеков Молдахмет Сейдахметұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі. 1990 жы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің күндізгі бөліміне түскен. 1992 жылы тарих факультетінің жанынан ашылған халықаралық қатынастар бөліміне ауыстырылған. 1995 жылы аталған бөлімді «Халықаралық қатынастар маманы, екі шет тілін меңгерген елтанушы-референт» квалификациясымен бітіріп шықты. Неміс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты кафедрасының жанындағы аспирантураға қабылданды. 1999 жылы «ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан мен Германияның саяси-экономикалық ынтымақтастығы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғап шықты. 2000-2003 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Еңбек жолын 1998 жылы халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты кафедрасының ассистенті қызметінен бастаған. 2002 жылы аталған кафедраның аға оқытушылығы қызметіне ауыстырылды. 2007-2011 жылдары аймақтану және әлемдік экономика федрасының доценті қызметін атқарды. 2011 жылдан 2016 жылға дейін халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті міндетін атқарды. М.С. Мырзабеков Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістің мәселелерімен, биполярлы әлемдік тәртіп жүйе жойлғаннан кейінгі қауіпсіздік, конфликтология және халықаралық терроризм мәселелерімен айналысады. Халықаралық конференцияларға белсенді қатысады. 2013 жылдың сәуірінде «Қоршаған ортаны қорғау жаһандық конференциясына» қатысып «Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың экологиялық зардаптары» тақырыбында баяндама жасады (Анкара, Түркия). 2013 жылдың мамырында Екінші әлемдік дизайн, өнер және білім конференциясына» қатысып, «Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық» және «Жаһандану үдерісінің қазіргі әлемдегі мәдениетке тигізер әсері» (Бухарест, Румыния) тақырыптарында баяндама жасады. Мырзабеков М.С. 2000-2003 жылдары халықаралық қатынастар факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2007-2011 жылдары аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. 2011-2013 жылдары халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға эдвайзері болды. 2007 жылдан осы кезге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің РБК мүшесі. Мырзабеков М.С. 40-қа жуық ғылыми мақала шығарған. 2011 жылы «Еуропалық одақ сыртқы саясатындағы Африка, Кариб, Тынық мұхит елдері: тарихы, қазіргі мәселелері, болашағы» атты монография жариялады, ал 2015 жылы екі бөлімнен тұратын Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы атты оқу құралын шығырды. 2016 жылдан осы уақытқа дейін Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы
Педагогикалық қызметіь

Оқылатын пәндер
Бакалавриат
Адами даму
Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы
Азия және Африка елдерінің қазіргі тарихы
Аймақтану
АҚШ және Канададағы саяси, этникалық және әлеуметтік бірегейлік
Әлемдік саяси үрдіс
Батыс Еуропа елдерінің мәдениеті, ғылымы және білімі
Батыс Еуропа мамандану аймағындағы халықаралық қатынастар
Батыс Еуропа мамандану аймағының саяси жүйесі
Батыс Еуропа мамандану аймағының саяси жүйесі
Батыс Еуропа мамандану аймағының саяси жүйесі
ГФР экономикасы
ГФР-ның саяси жүйесі
Еуропалық Одақ және АКТ елдері ынтымақтастығының мәселелері
Жаңа кезеңдегi әлем халықтары және аймақтарының тарихы
Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы
Келіссөздер жүргізу техникасы
Келіссөздер жүргізу технологиясы
Коммерциялық келіссөздерді жүргізудің техникасы мен тактикасы
Қазiргi заман кезеңіндегі халықтар мен әлем аймақтарының тарихы
Қазіргі аймақтық қақтығыстар және оларды реттеу мәселесі
Қазіргі заман кезеңіндегі халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесі
Мемлекеттiк протокол және дипломатия
Мемлекеттің концептуалды дамуы: Қазақстан- 2050
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Сыртқы саясат және дипломатияның (аймақтардың) қалыптасу үрдісі
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Шығыс елдерінің тарихы және дипломатиясы
Экономиакалық тарих
Экономикалық дипломатия

Магистратура
Әлемдiк энергетикалық нарықтар
Жаһандану дәуіріндегі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері
Орталық Азия елдерінің саяси жүйесі: дамуының барысы мен келешегі
Орталық Азия елдерінің трансформациясының мәдени-өркениеттік негіздері
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері
Халықаралық жағдайлар сараптамасы
Халықаралық қатынастарды зерттеудің әдістемелік негіздері
Халықаралық қатынастың ғаламдық құрылымының трансформациясы
Халықаралық энергетика және дипломатия

Докторантура
Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономикалық қауіпсіздік

Сабақ кестесі