Басты бет / Шығыстану / Қиыр Шығыс / Нурелова Асия Мухаметхановна

Нурелова Асия Мухаметхановна

Лауазымы: аға оқытушы
       Нурелова Асия Мухаметханқызы 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетін «0206 – Халықаралық елтанушы, аудармашы-референт, Шығыс елдері тарихының оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2015 жылы Шығыстану факультетіне магистратураға түсіп, 2017 жылы «6М020700-Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 2004 ж. қазан айынан 2004 ж. желтоқсан айына дейін Халықаралық Жапон қорының үздік студенттерге арналған бағдарламасы бойынша Кансай орталығында (Жапония, Осака) тілдік біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2005-2006 жылы Жапонияның Кагошима қаласында J-Auto., Co LTD компаниясында аудармашы, менеджер-логист қызметін атқарды. 2019 жылы шілде-тамыз айларында Халықаралық жапон қорының Урава қаласында орналасқан Халықаралық Жапон тілі Институтында жапон тілін оқыту әдістемесі бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі біліктілігін арттыру тәжірибесінен өтті. 2007 жылдың қыркүйек айынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарса, 2010 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қазан айына дейін аға оқытушы қызметін атқарды. Нурелова Асия 2007 жылдан бастап Базалық шет тілі (А1, А2 деңгейі), Базалық шығыс тілі (В1, В2 деңгейі), Аударма теориясы, Көркем аударма, Жалпы кәсіби шығыс тілі, Теоретикалық грамматика, Арнайы филологияға кіріспе, Классикалық филология, Нормативті грамматика сияқты пәндерден дәріс оқиды. Нурелова Асияның 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ауызекі тілді оқыту әдістемесі», «Қазақ және жапон тілдеріндегі еліктеуіш сөздер», «Аударматанудағы эквиваленттілік теориясы», «Эквиваленттілік категориялары», «Жапон тілінен қазақ тіліне аудармадағы эквиваленттілік мәселесі», т.б. тақырыптарында ККСОН бойынша мақалалары жарық көрді, халықаралық конференцияларға, семинарларға қатысып мақалалары жарияланды. Нурелова А.М. жауапкершілігі мол, өз ұжымында, студенттер алдында беделді маман.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2005
Академикалық дәреже

1

Нурелова Асия Мухаметхановна Көпшілікке арналған жапон тілі みんなの日本語1 " Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0070 212 - стр. ҚАЗАҚСТАН

2

Нурелова Асия Мухаметхановна Көпшілікке арналған жапон тілі. Аударма және грамматикалық түсіндірме. 2-бөлім " Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0070 211 - стр. ҚАЗАҚСТАН

3

Нурелова Асия Мухаметхановна Жапон тіліндегі көмекші сөз таптары " Қазақ университеті " 2021 - г. ISBN 811.521 3 - стр. ҚАЗАҚСТАН

4

Нурелова Асия Мухаметхановна Жапонша-қазақша экономикалық терминдер сөздігі " Қазақ университеті " 2022 - г. ISBN 030 7 - стр. ҚАЗАҚСТАН

1

Нурелова Асия Мухаметхановна Қазақ және жапон тілдеріндегі еліктеуіш сөздер 2011 - г. 4 - стр. 0

2

Нурелова Асия Мухаметхановна Жапон және қазақ тілдеріндегі үстеулер:салыстырмалы анализ 2012 - г. 5 - стр. 0

3

Нурелова Асия Мухаметхановна Тури концепциясындағы эквивалент категориясы 2016 - г. 4 - стр. 0

4

Нурелова Асия Мухаметхановна Аударматанудағы эквивалент категориясының деңгейлері 2016 - г. 2 - стр. 0

5

Нурелова Асия Мухаметхановна Бағалаудың ауызша формасының әдіс-тәсілдері 2015 - г. 4 - стр. 72

6

Нурелова Асия Мухаметхановна ЖАПОН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ «БОЛУ ЕТІСТІГІ»: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 2010 - г. 3 - стр. 53

7

Нурелова Асия Мухаметхановна Жапониядағы халықаралық неке мәселесі: негізгі тенденциялар 2022 - г. 8 - стр. 88
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0