ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ География және табиғатты пайдалану факультеті/ картография және геоинформатика кафедрасы/ Бексеитова Роза Тлеулесовна


Бексеитова Роза Тлеулесовна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 4.79 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: география және табиғатты пайдалану

Кафедра: картография және геоинформатика
Лауазымы: профессор м.а.

Өмірбаян

Бексеитова Р.Т. 1952 ж.т., 1977 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ география факультеті геоморфология кафедрасын үздік дипломымен аяқтады. Жолдама бойынша Жезқазған пединститутында оқытушы ретінде жіберілді. 1980 - 1986 жылдар арасында М.Ломоносов атындағы ММУ география факультетінде ғылыми-зерттеу стажировка мен аспирантураны өтіп 1986 жылдың мамыр айында кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде 1986 жылдан 1988 жылға дейін аға оқытушы, 1988 жылдан бастап доцент, 1987 жылдан 1994 жылға дейін география кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2000 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ геоморфология және картография (қазіргі атауы – картография және геоинформатика) кафедрасында доцент, 2004 - 2008 жылдар арасында аталған кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 2010 жылы «25.00.36 - Геоэкология» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. Қазіргі кезде Бексеитова Р.Т. картография және геоинформатика кафедрасында жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде қазақ,, орыс тілдерінде бакалавриатта («Математическая картография», «Геоморфология с основами геологии», «Проблемы тематического картографирования», «Экологические карты и картографирование») және магистратурада («Картографические исследования геодинамических процессов», «Современные проблемы в области картографии», «Картографирование платформенно-денудационных равнин», «Картографирование урбанизированных территорий», «Картографирование особо охраняемых природных территорий») дәрістік және зертханалық сабақтарды жүргізеді. Сонымен бірге, Бексеитова Р.Т. ағылшын тілінде магистратурада «Modern problems in cartography», «Mapping studies of geodynamic processes», «Mapping platform-denudational plains», «Cartographic methods of researches» атты пәндерді жүргізеді. Бексеитова Р.Т., сонымен қатар, ғылыми жұмыспен де белсенді айналысады.. Оның атымен баспадан 110 астам ғылыми еңбектер шыққан. Роза Тлеулесқызы кафедраның мембюджеттік ғылыми тақырыптарының («Современные экзодинамические процессы равнинных и горных территорий Казахстана», «Проблемы картографирования эколого-геоморфологических процессов на территории Казахстана» және т.б.), «Глобальные изменения климата и деградация земель» атты халықаралық ғылыми-білімдік жобаның жобаның (ҚазҰУ – Ноттингемский университет 2008-2011 гг.) негізгі орындаушысы болып келді. 2012-14 жылдар аралықтарында ҚР БҒМ фундаменталды зерттеулер бағыты гранттық жобанының жауапкершілікті орындаушысы болды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеке маңызды нәтижелері Бексеитова Роза Тлеулесқызы бакалавриат пен магистратурада оқылатын арнайы пәндердің мазмұнына еңгізді.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы
    
Педагогикалық қызметіь

Оқылатын пәндер
Бакалавриат
Геодинамикалық процестер
Геология геоморфология негіздерімен
Геоморфология геология негіздерімен
Геоэкологиялық картографиялау
Жалпы географиялық атластар және оларды жобалау
Жалпы жертану
Картографиялық-математикалық модельдеу
Математикалық картография
Тақырыптық картографиялау мәселелері
Экзоморфонез негіздері
Экологиялық карталар және картографиялау

Магистратура
Геодинамикалық жүйелердің картографиялық үлгілеуі
Геодинамикалық процесстерді картографиялық зерттеу
Геодинамикалық процестерді картографиялық зерттеу
Геодинамикалық үдерістерді картографиялық зерттеу
Жоғарғы мектептегі картографияны оқыту әдістемесі
Заманауи картографиядағы теориялық және әдістемелік мәселелері
Картография ғылымының қазіргі мәселелері
Картографиялық зерттеу әдістері
Қазіргі картографиядағы теориялық және әдістемелік мәселелері
Қорғауға алынған табиғи аймақтарды картографиялау
Платформалы денудациялық жазықтықты картографиялау
Урбандалған аймақтарды картографиялау

Докторантура
Геоморфология және синергетика
Сейсмикалық аудандастырудың теориялық мәселелері

Сабақ кестесі

Оқу-әдістемелік материалдар

Пәндер атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Геодинамикалық процесстерді картографиялық зерттеу
Силлабус на казахском языке
Геодинамикалық процесстерді картографиялық зерттеу
Силлабус
Геодинамикалық процесстерді картографиялық зерттеу
Силлабус