ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Тарих, археология және этнология факультеті/ археология, этнология және мұражайтану кафедрасы/ Сапатаев Самат Абдиразакович


Сапатаев Самат Абдиразакович
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 5.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: тарих, археология және этнология

Кафедра: археология, этнология және мұражайтану
Лауазымы: аға оқытушы

Өмірбаян

1991 жылы 26 сәуірде ОҚО Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінде дүниеге келген. 2009 жылы №20 С. Сейфуллин атындағы Ақсукент көпсалалы гимназиясын бітіріп, Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасына «5В020800 - Археология және этнология» мамандығына мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түседі. 2013 жылы «Ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің материалдарындағы жылқы әбзелдері» тақырыбында дипломын қорғап бакалавр дәрежесін алды. Осы жылы Археология және этнология мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантының иегері атанып магистратураға қабылданады. 2014 жылдың жазында Түркия астанасы Анкара қаласындағы Гази университеті жанындағы Археологиялық ғылыми-зерттеу институтында тәжірибеден өтті. 2015 жылы «Қазақстанның археологиялық ескерткіштеріндегі жылқы әбзелдері (ерте темір дәуірі және түркі кезеңі)» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғап гуманитарлық ғылымдардың магистрі дәрежесін алады. 2010-2011 жылдары Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігіндегі Үйгентас археологиялық экспедициясының құрамында болып, далалық тәжірибеден өтті. 2012-2015 жылдар аралығында Ғ.Қ. Омаровтың жетекшілігіндегі ШҚО Күршім ауданына Алтай археологиялық экспедициясының құрамында, 2015- 2017 жылдар аралығында Ғ.Қ. Омаровтың жетекшілігіндегі ШҚО Күршім және Үржар ауданына жасалған археологиялық экспедицияның құрамында болды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғ.Қ. Омаровтың жетекшілігіндегі ғылыми жобаларда зерттеуші, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер ретінде ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Қазіргі таңда әр түрлі жинақтарда жарық көрген 22 ғылыми мақаласы бар. 10.2015-08.2016 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінде компьютер сыныбының маманы, 09.2016-08.2017 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының маманы, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы ретінде қызмет атқаруда.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы