ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Биология және биотехнология факультеті/ биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы/ Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы


Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0

Жұмыс орны:
Факультет: биология және биотехнология

Кафедра: биоалуантүрлілік және биоресурстар
Лауазымы: оқытушы

Өмірбаян

Тағаев Құттымұрат Жүргенбайұлы 1990 жылы 29 шілдеде ОҚО, Отырар ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. 2007-2011 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде 050701- Биотехнология мамандығы бойынша бакалаврда оқыды. 2009-2010 жылдар аралығында – М.Ә. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, ферменттердің құрылымы мен реттелуі зертханасында – зертханашы. 2011-2016 жылдары аралығында – ҚазҰУ-дың, оқу агробио-зертханасының (Агробиостанция) жетекші маманы. 2012-2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде 6M060700-Биология мамандығының магистратурасын бітірген. Жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 2013 жылы Германия Федерациялық Республикасы, Білім беру және ғылыми ақпараттандыру халықаралық орталығының ұйымдастыруымен (Дюссельдорф), Дуйсбург-Эссен университетінде «молекулалық биотехнология» атты курсы бойынша ғылыми іс-сапарда болды. «Фараби әлемі» Халықаралық жас ғалымдар конференциясына белсене қатысты. «Мұрагер» студенттік бизнес-инкубаторы жобасына жетекшілік етті. «Агробизнес-инкубацияға жетекшілік. Жетістіктер мен тәжірибе алмасу» ISBN 978-601-04-0958-3. Алматы 2015, - 34 беттік қазақ және орыс тілдеріндегі еңбектің қосымша авторы және 10-нан астам ғылыми мақалалары жарық көрген. 2015-2018 жылдары аралығында, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, КеАҚ Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 6D080100- Агрономия мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқыды. 2016 жыл 15.04.-15.05.аралығында докторлық диссертацияның ғылыми компоненттерін орындау мақсатында CIMMYT (Centro Internacional de Mejoramientode Maízy Trigo, англ. International Maizeand Wheat Improvement Center;) Жүгері мен бидайды сауықтыру халықаралық орталығының филиалында, Түркия мемелекеті, Анкара қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті. Измир қаласында ICARDA-(The International Center for Agricultural Researchinthe Dry Areas); Орта Азия бойынша құрғақ аймақтардың ауылшаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың ұйымдастыруымен халықаралық конференция мен тренинг курстарына қатысты. 2016 жылдың 2 наурызынан бастап – Агробиостанциясының директоры, Оқу Агробио-зертханасының меңгерушісі. «әл-Фараби атындығы ҚазҰУ-дың 75 жылдығы» мерекелік төс белгісімен марапатталған.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы