ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Койшыбаева Гульмира Сайлаубаевна


Койшыбаева Гульмира Сайлаубаевна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: аға оқытушы

Өмірбаян

Мен, Койшыбаева Гульмира Сайлаубаевна, 1984 жылы, 14 тамызда Алматы обылысы, Балхаш ауданы, Бах-бахты ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы үздік дипломмен бітіріп шықтым. 2006 жылы филология факультетіне 10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түстім. Ғылыми жұмысымның тақырыбы: «Ұрпақаралық тілдік трансмиссияның квантитативтік параметрлері (сауалнама материалы бойынша)» деп аталады. Ғылыми жетекшім: филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Д. Сүлейменова. Менің 30 жуық ғылыми мақалам республикалық ғылыми-теориялық және халықаралық конференциялардың материалдарында және ғылыми-көпшілік басылымдарда жарық көрді. Менің қарастырып жүрген мәселелерім қазіргі тіл білімі, жалпы тіл білімі және әлеуметтік лингвистика секілді салаларды қамтиды. 2006 жылдың қаңтар айынан филология факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасында оқытушы қызметін атқардым. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында жұмыс істеймін. 2011 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей Халықтар Достығы Университетінде «Учитель русского мира» атты ғылыми тағлымдамадан біліктілігімді арттырып келдім. 2013-2014 жылдар аралығында «Болашақ» Президенттік степендиясы бойынша Ұлыбританияның Брунель университетінде «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» атты ғылыми тағлымдамадан өтіп келдім.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы