ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Айтпаева Аида Садыковна


Айтпаева Аида Садыковна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: аға оқытушы

Өмірбаян

Мен, Айтпаева Аида Садыковна, қазақпын, 1964 жылы 13 қазанда Алматы қаласында тудым. Тұрмыстамын, екі балам бар. 1982 жылы №120 мектепті бітірдім. Осы жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ң филология факультетіне оқуға түстім. 1987 жылы аталған факультетті орыс тілі және әдебиеті шет тілімен мамандығы бойынша бітірдім. 1987 жылы тамызда С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ға шетел азаматтарына арналған дайындық факультетіне орыс тілі кафедасының ассистенті болып жұмысқа қабылдандым. 2002 жылдан бері шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеймін. Ғылыми-педагогикалық өтілім-30 жыл. 65 жарияланымның авторымын, оның 18 – оқу құралы. Кафедрада бастауыш және жалғастырушы топтарында орыс тілі шет тілі ретіндегі практикалық курсынан, интенсивті орыс тілінен, «Тілге бейімдеу» аспектісінен, сөйлеудің іскерлік стилінен сабақ бердім. Корея, Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Франция, Великобритания, АҚШ, Польша, Чили, Аргентина, Испания, Мали, Ауғанстан ж.т.б. елдерінен келген шетел студенттерімен жұмыс істедім. Орыс тілі шет тілі ретінде пәнін өзіндік әдіспен оқытамын, сабақта инновациялық әдістерді белсенді түрде қолданамын, сабақ беруден тыс әрдайым ғылыми-теориялық деңгейімді жетілдіріп отырамын. Негізгі ғылыми бағыттарым: шет тілдерін оқыту әдістемесі, шет тілін оқытудың психологиялық аспектісі, мәдениаралық коммуникация. 2010 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үздік оқытушысы» конкурсының нәтижесі бойынша «Факультеттің үздік оқытушысы» жеңімпазы атандым. Америкалық Әлем корпусында, VSOБритандық корпусында АҚШ-тан және Ұлыбританиядан келген волонтерларға интенсивті орыс тілінен сабақ бердім. Факультетте тәрбиелік және қоғамдық жұмыстарды белсенді атқарамын, факультеттегі және университтегі іс- шараларға қатысамын. 2006-2012 жылдар аралығында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға кураторы және факультеттің аға кураторы; 2012-2015 жылдары – жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің аға куратор- ұйымдастырушысыболдым. 2005 жылдан бері шетелдік студенттерге арналған «Киноға барайық» атты клубының бірлескен жетекшісі болып табыламын.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы