ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Ихсангалиева Гульнара Куанышевна


Ихсангалиева Гульнара Куанышевна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: кафедра меңгерушісі

Өмірбаян

Г.Қ. Ихсангалиева, 1971 жылы туған, қазақ, 1994 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультетін «Ұлттық мектептегі орыс тілі мен орыс әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі кафедрасының аспирантурасына қабылданды. 2000 жылы «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм)» тақырыбында кандидаттық (ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының докторы профессор Н.Ж. Шаймерденова) диссертация қорғады. 2008 жылы Ихсангалиева Г.К. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде бір айлық тағылымдамадан өтті. 2009 жылдан – 10.02.00 – тіл білімі мамандығы бойынша доцент. 2010 жылы 30 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын алу үшін Д 14 А.01.22 диссертациялық кеңесінде Ихсангалиева Г.Қ. «Когнитивные и психолингвистические механизмы формирования имиджа Казахстана» тақырыбында 10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Еңбек жолы: 1994-1997 – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқытушы; 2000-2002 – Алматы тілдер және аударма институтының магистратура және аспирантура бөлімінің бастығы, әрі қосымша жалпы және салғастырмалы тіл білімі кафедрасында 0,5 жүктемемен оқытушы; 2002-2004 – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспирантура бөлімінің бастығы. Ихсангалиева Г.Қ. ҚазҰУ-да 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. 2004 жылдың шілде айынан 2008 жылға дейін – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің қызмет көрсету бөлімінде жетекші маман (диссертациялық кеңестер қызметін бақылау) және 0,5 қосымша жүктемемен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктерге арналған дайындық факультеті шетелдіктердің қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті. 2008 жылдың 1 шілдесінен ғылыми-зерттеу қызметі бойынша бөлімінің бастығы және 0,25 қосымша жүктемемен шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті қызметін атқарды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 30 маусымы аралығында – ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 2012 жылдың 30 маусымы аралығында ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессоры міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ғылыми және әдістемелік жұмыстарымен айналысады, 65 жарияланымның авторы, оның ішінде 2 монография және екі оқу құралы бар. Халықаралық, республикалық конференцияларға және ғылыми семинарларға белсене қатысады. 2009 ж. ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылған бағдарлама бойынша «Национальная идея и языковые механизмы формирования имиджа Казахстана» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына орындаушы ретінде қатысты. 2015 ж. ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылған бағдарлама бойынша «Разработка инновационного общественно-гуманитарного кластера дискурсных стратегий и инструментов воздействия в сфере социальных практик» ғылыми-зерттеу жұмысына орындаушы ретінде қатысты. Г.Қ. Ихсангалиева өзін жақсы ұйымдастырушы ретінде таныта білді, 2010 жылы сәуір айында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Халықаралық білім беру орталығымен бірлесе өткізген Орыс тілі мен мәдениеті фестивалінде, 2011 жылы 14-16 сәуірде Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассосациясының қолдауымен өткізілген Славян жазуы мерекесі (МАПРЯЛ) және "Русский мир" қоры, Педагогикалық идеялардың Республикалық фестивалі (2012-2014) атты шараларды ұйымдастыруда өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екендігін дәлелдей түсті. Кафедрада жұмыс істеген жылдары өзін білікті маман ретінде таныта білді. Ол жұмысқа кәсіби тұрғыдан, аса жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленеді. Ихсангалиева Г.Қ. өзінің педагогикалық шеберлігін жоғарылатуда мақсатты түрде жұмыс істейді. Оның сабақ беру деңгейі жоғары мектеп талаптарына сай. Ұжымда тез тіл табысады, беделді, көшбасшылық қасиетке ие.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы