ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Мусаева Гульбагиза Абласымовна


Мусаева Гульбагиза Абласымовна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: доцент м.а.

Өмірбаян

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті м.а., филология ғылымдарының кандидаты Мұсаева Гүлбағиза Әбіласымқызының ӨМІРБАЯНЫ 1970 жылы 26 наурызда туған, ұлты – қазақ. Г.Ә. Мұсаева 1987 жылы филолог, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетіне түсіп, 1992 жылы бітіріп шықты. Еңбек жолдары: 26.11.1992 – 17.10.1994 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында қазақ тілі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 1994 жылдың 18 қазанынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ассистенті; 17. 12. 2001ж. бастап аталған кафедраның оқытушысы; 01.09.2003 – 01.09.2008 жылдары кафедраның аға оқытушысы; 2008 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті міндетін атқарушы болып істейді. Г. Мұсаеваның (қосымша авторлармен бірге) «Қазақша сөйлегің келе ме?» оқулық кешені 1997 жылы Сорос – Қазақстан қоры ҚР Білім министрлігімен бірлесе отырып «Гуманитарлық білім беруді жаңғырту» бағдарламасы негізінде жарияланған қазақ тілі оқулықтары байқауының, «Қазақ тілі. Алғаш бастаушыларға арналған оқу құралы» 2009 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қазақ тілі оқулықтары бойынша жариялаған байқауының «жаңа технологияларды қолданғаны үшін» номинациясының жеңімпазы атанған. 2006 жылы 31 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі Д 14 А 01.22 диссертациялық кеңесте 10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша «Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді виртуализациялау (меңгеру мақсатында)» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Г.Ә. Мұсаева 50-ден аса жарияланымның авторы. Оның ішінде монография, оқу құралдар, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар бар. Түрлі ғылыми-әдістемелік конференцияларға, семинарларға белсенді қатысып тұрады. 2013 оқу жылынан кафедраның әдістемелік бюросының төрайымы болып тағайындалды. Негізгі ғылыми еңбегі: 1. Қазақ тіліндегі жай сөйлемдірді меңгеру динамикасы. Монография. Алматы, «Қазақ университеті». 2013 ж. 172 бет. 2. Алғашқы қадам: (Қазақша сөйлегіңіз келе ме? оқу кешенінің 1-кітабы). – А. Балауса, 1997 ж. -208 б. (Авт. ұжым) 3. Қазақ тілі аудиовизуалды курс. – Алматы, «Қазақ университеті», 2011 ж. -70б 4. Қазақ тілі – шет тілі ретінде (Базалық деңгей) 1-кітап Оқу құралы (Өңделіп толықтырылған,2-басылымы Алматы «Қазақ университеті», 2017 жыл. 244 б. 5. Қазақ тілі – шет тілі ретінде (Жалғастырушы деңгей) 2-кітап Оқу құралы (Өңделіп толықтырылған, 2- басылымы) Алматы «Қазақ университеті», 2017 жыл. 138 б.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы