ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті/ шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасы/ Есбулатова Раушан Макановна


Есбулатова Раушан Макановна
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 0.00 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру

Кафедра: шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру
Лауазымы: доцент

Өмірбаян

Есбулатова Раушан Маканқызы 1977 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ң «орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша филология факультетін үздік бітірген. Мемлекеттік емтихан комиссиясының ұсынысмен ҚазМУ-ге аспирантураға түсіп, 1981 жылы бітірді. 1983 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 1981 жылы ҚазМУ-ң орыс тілі кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы болып, шетел студенттер үшін орыс тілі кафедрасының доценті болып жұмыс істеді, шетел студенттеріне және аспираттарға орыс тілінен сабақ берген. 1990-2007 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарды, М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Академиясында орыс және шет тілдері кафедрасын басқарды. «Заңгер» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар. 2-дәрежелі, 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» 3 медальдарымен, «Макан Есбулатович Есбулатов. Ерлік-мұра, ұрпаққа үлгі» төс белгісімен, ҚР ІІМ және Білім беру Министрілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды. 2007 жылдан қазіргі кезге дейін ЖОО-ға дейінгі білім беру дайындығы фаультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. Сабақтарды, ашық сабақ және шеберлік дәрістердерді жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді. Біліктілігін арттыру үстінде: 2017 жылы «Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жаңартылған мазмұн негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде семинар-тренингке қатысып, сертификат алды. 2017 жылы «Современные методы оценивания результатов обучения» тақырыбында 72 сағаттық семинарға қатысып, сертификат алды. «Research methodology involved in social science studies: gender aspect. Исследователская методология, вовлеченная в исследования в области социальных наук: гендерный аспект» атты 36 сағаттық семинарға қатысты, сертификат алды. Ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысады. 40-тан астам мақалалары және «Орыс тілі шет тілі ретінде» пәні бойынша оқу құралы бар, сонымен бірге Scopus журналдарында мақалалары жарияланды, оқу құралы ҚазҰУ-де өткен үздік оқу құралдары конкурсының ең үздік оқу құралы ретінде 1-дәрежелі дипломына ие болды, сондай-ақ, оқу құралдарына екі авторлық куәлігі бар. Шетелдік тыңдаушылармен тәрбиелік жұмыстар жүргізуге көп көңіл бөледі.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы