ҚазҰУ ақпараттық порталы
Басты бет/ Физика-техникалық факультет/ плазма физикасы әжне компьютерлік физика кафедрасы/ Досболаев Мерлан Қылышұлы


Досболаев Мерлан Қылышұлы
Студенттер көзімен сауалнамалауынан жинаған баллы - 4.25 / 5.0
- ОПҚ рейтингінің нәтижесі

Жұмыс орны:
Факультет: физика-техникалық

Кафедра: плазма физикасы әжне компьютерлік физика
Лауазымы: доцент

Өмірбаян

Досболаев Мерлан Қылышұлы – ф.-м.ғ.к., доцент. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика факультетін радиофизика және электроника мамандығы бойынша бітірген (2005). Университетті тәмәмдағаннан кейін ЭТФҒЗИ-на инженер болып жұмысқа алынып, қазіргі таңда АТҰНЗ және ЭТФҒЗИ-терінің жетекші ғылыми қызметкері міндетінде жұмыс істейді. 2009 жылы «Тұрақты токты солғын разрядтағы плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін экспериментте зерттеу» атты кандидаттық диссертациясын қорғады. Досболаев М.Қ.-ның ғылыми қызығушылығы – қазіргі таңда плазма физикасының кең ауқымды және жаңа саласы болып табылатын тозаңды плазма физикасы. Тозаңды плазманың іргелі қасиеттерімен қатар оның мүмкін болатын технологиялық аспектілерімен де айналысады. Оның тікелей басқаруымен солғын және жоғары жиілікті разряд негізінде тозаңды плазма мен плазмалы тозаңды құрылымдардың қасиеттерін зерттеу мақсатында эксперименттік қондырғылар құрастырылып іске қосылды. Сонымен қатар ол дарынды жас ғалымдарға арналған ҚР Мемлекеттік стипендиясының үш мәрте иегері болып табылады (2008, 2010, 2013 жылдары). Ғылым мен техника саласы бойынша әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. (2015). 2015 жылғы ЖОО үздік оқытушысы грантының иегері. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік жас ғалымы» дипломының иегері (2014); Алты инновациялық патент иегері. 60-тан астам ғылыми мақаласы республикалық және шетел журналдарында жарық көрген. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасының оқытушысы болып қызмет етіп келеді. Физика-техникалық факультетінің студенттерін «Электр және магнетизм», «Электр машиналары», «Өндірістік электроника», «Электрмен жабдықтау», «Газдық разряд физикасы», «Вакуум физикасы және техникасы» курстары бойынша дәріс оқиды.

Білімі
Марапаттары

Қызығушылығы
Педагогикалық қызметіь

Оқылатын пәндер
Бакалавриат
Ақпараттық-өлшеу техникасы
Вакуум физикасы мен техникасы
Вакуумдық техника және жабдықтар
Вакуумдық техника және технология негіздері
Вакуумдық техника и технологиялар
Вакуумдық техника негіздері
Газдық разряд физикасы
Импульстік энергетика негіздері
Өндірістік электроника
Электр және магнетизм
Электр және магнетизм бойынша физикалық практикум
Электр және магнетизмнен физикалық практикум
Электр разрядтарының физикасы
Электр тізбектерін талдау 2
Электр энергиясын қолдану және олардың көздер жүйесі
Электрлік және магниттік қондырғылар
Электрлік машиналар
Электрмен қамтамасыздандыру
Электротехника
Электротехниканың теоретикалық негіздері 1
Электротехниканың теориялық негіздері II
Элетрлік және магнетизм бойынша практикум
Энергетикалық қондырғылардың диагностикалау әдістері

Магистратура
Газдық разряд процестер физикасы
Газдық разряд физикасы. 2-ші бөлім
Жел электр энергетикасының қондырғылары
Өндірістік жарықтандыру саласындағы энергия үнемдегіш технологиялар
Плазма физикасының таңдаулы сұрақтары
Физикалық білім берудегі сапа менеджмент жүйесі
Электрік моторлар мен серво қозғалтқышар

Докторантура
Атмосфералық қысымдағы плазма физикасы
Газдық разряд плазмасының диагностика әдістері
Кешенді плазмадағы наноматериалдарды алу
Плазмалық ағындардың затпен әсерлесуі
Плазмалық ортада нономатериалдарды синтездеу

Сабақ кестесі