Басты бет / Журналистика / Баспасөз және электронды БАҚ / Султан Ертай

Султан Ертай

Лауазымы: аға оқытушы
қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Scopus author ID: 57216705450
       Султан Ертай – PhD доктор (ҚР БҒМ БҒССБК 2018 жылғы №701 бұйрығы), ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі. 2018-2023 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры м.а. 2021-2022 жж. АҚШ, Джордж Вашингтон университетінде «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарлама атауы: Жоғары білім менеджментіндегі көшбасшылық (Leadership in higher education management). 2021-2022 жж. Қазақстан Республикасының Америка құрама штаттарындағы Елшілігінің қолдауымен Джордж Вашингтон университетінде ашылған Абай орталығының жетекшісі. 2019-2021 жж. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультетінің бакалавриатын «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша үздік тәмәмдады; 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің магистратурасын «Филология: әдебиет» мамандығы бойынша аяқтады; 2014-2017 жылдар аралығында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы «Білім және ғылым интеграциясы» бағдарламасының негізінде «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша білім алды. 2018 жылы қазіргі ағылшын, испан, италиян, жапон және қазақ романдарын салыстырмалы талдау негізінде «Қазіргі романның трансформациясы» тақырыбында PhD диссертациясын қорғады. Scopus және WOS мәліметтер базасында мақалалары жарияланған, ҚР ҒЖО СҚК ұсынған ғылыми журналдарда мақалалары жарық көрген. 5 ұжымдық монографияның серіктес авторы. Бірнеше ғылыми авторлық куәлік берілген, ғылыми және ғылыми техникалық қызмет субьекті ретінде аккредитациялық куәлігі бар. Хирш индексі: 2 (2021 жыл) Ғылыми тағылымдамалар: АҚШ, Колумбия университетінің Жер институты (БҰҰ тұрақты даму бағдарламасы, 2012 жыл), Испания, Кадис университеті (академиялық ұтқырлық бағдарламасы, 2013 жыл), Испания, Гранада университеті (шетелдік ғылыми кеңесшімен ғылыми тәжірибе, 2016 жыл). Зерттеу бағыты: қазіргі романның жанрлық трансформациясы, гибридті роман хронотопын математикалық модельдеу, қазіргі публицистиканың жанрлық түрленуі, дата журналистика, жоғары білім мен ғылым менеджменті, халықаралық журналистикадағы жаңа үрдістер мен бағыттар. ҚР БҒМ дарынды жас ғалымдарға арналған стипендия иегері (2018), «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (2021). Тілдерді меңгеру деңгейі: Қазақ, орыс, ағылшын – еркін; испан, қытай
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0