Басты бет / Биология және биотехнология / Молекулярлық биология және генетика / Ромаданова Наталья Владимировна

Ромаданова Наталья Владимировна

Лауазымы: аға оқытушы
молекулалық биология және генетика кафедрасы
Scopus author ID: 36111616700
Жасырылған
       Ромаданова Н.В. 1973 жылы туылған, Алматы қаласыныңы № 73 орта мектебін аяқтап, 1992 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетіне түсіп, цитология, гистология және эмбриология кафедрасында маманданған. 1998 жылы бакалавриатты аяқтап, «Биолог» квалификациясын алған. 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультеті, цитология, гистология және эмбриология кафедрасына магистратураға түсіп, 2003 жылы магистратураны үздік дипломмен тәмәмдаған. 2003 жылы 03.00.12 «Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы» мамандығы бойынша Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының аспирантурасына түсіп, 2005 жылы аяқтаған. Ромаданова Н.В. тәртіптілігі мен жауапкершілігімен ерекшеленеді. Ол өзін мақсатқа ұмтылушы және білікті қызметкер ретінде көрсетті. Ғылыми қызметкер ретінде 2010 жылы «Криосақтау процесінде алманың меристемалық ұлпаларының регенерациялық қабілеті» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғауға дайындаған. 2013 жылдан бері Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының қызметкері ретінде бюджеттік бағдарлама бойынша, басым бағыттар бойынша жобаларға ғылыми жетекшілікті жүзеге асырады: «Науки о жизни», и «Рациональное использование природных ресурсов, переработка сырья и продукции». 2013-2015 гг. – 0491/ГФ3 «Биотехнология әдістері негізінде алманың перспективті сорттары мен клонды екпе алма ағаштарының криогенді банкін жасау»; 2015-2017 гг. – 1783/ГФ4 «Биологиялық белсенді заттардың көзі – бөріқарақаттың құнды түрлері мен формаларының гермоплазмасын криогенді сақтаудың технологиясын жасау». 2017 жылдан бері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі жобаның жетекшісі «Производство суперэлитных саженцев плодовых и орехоплодных культур методами биотехнологии». 2015 жылы Ромаданова Н.В. жетекші ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. Наталья Ромаданова биотехнология саласындағы білікті маман болып табылады. Тұжырымдамаларды, жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын және оларды орындау әдістерін негіздейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына кіргізу үшін ұсыныстар енгізеді. Дербес тақырыптарды зерттеу кезінде ғылыми жетекшілікті жүзеге асырады, зерттеулердің перспективті бағыттарының жобаларын, жұмыс жүргізудің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді, алынған нәтижелерді талдайды және қорытындылайды. Ғылыми кадрларды дайындайды және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.
Автордың құжаттары

5

Цитирования

49 по 43
құжаттар

h-индексі

3