БЕЛИСАРОВА ФАРИДА БЕКСУЛТАНОВНА – теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры. Белисарова Ф. 1969 жылдың 20 қаңтар айында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1986–1992 жылдар аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың физика факультетінде білім алды. 1992–1995 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1995–1999 жылдар аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың физика факультеті теориялық физика кафедрасының аспирантурасында оқыды. 2002 жылдан бастап ҚР БҒМ Физика-техникалық институтында инженер болып қызмет атқарды, ал 2004 жылдан бастап әл-Фараби ат.ҚазҰУ физика факультетінің теориялық физика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2004 жылы "Магниттік диэлектриктердің кейбір бейсызық модельдерін зерттеу"тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Мамандықтың шифры 01.04.02 – Теориялық физика.2008–2012 оқу жылдары аралығында әл-Фараби ат.ҚазҰУ физика факультетінің Ғылыми кеңесінің Ғалым хатшысы қызметін атқарды. 2011 жылдан бастап физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгеруші орынбасары болып жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап «Физика» мамандықтары тобы бойынша диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл. Белисарова Ф.Б. «6В05304 – Физика» БББ бойынша 2 және 3 курс студенттерінің куратор- эдвайзері. Ол «Жедел кеңейіп жатқан Ғалам құрылымы мен динамикасын зерттеу. Ғаламның жеделдетілген кеңеюін зерттеудің теориясы мен әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы іргелі зерттеу жобасының негізгі орындаушысы болып табылады. Оның 50-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, соның ішінде бір монография және 7 оқу құралы қазақ тілінде жарияланған. Жарияланған ғылыми еңбектерінің бірі: 1.Abishev M.,Beissen N.,Boshkayev K., Belissarova F.B. et al. Approximate perfect fluid solutions with quadrupole moment//International Journal of Modern Physics D. - 2021. -Vol. 30. - Issue 13. 2.Abishev M.E., Toktarbay S.,Beissen N.A., Khassanov M.K., Belissarova F.B. et al. Effects of non-linear electrodynamics of vacuum in the magnetic quadrupole field of a pulsar //Monthly Notices of the Royal Astronomical Society. – 2018. - Vol. 481. Issue 1. – P. 36 – 43. 3.Kurmanov Y., Boshkayev K., Belissarova F.B. et al. Accretion disk luminosity around rotating naked singularities//Physics of the Dark Universe. - Vol. 48. -P.1-11. - 2025.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1992 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
08.10.2004 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
23.09.2010 |
профессор |
26.08.2025 |
| Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
| Ы.Алтынсарин төсбелгісі |
16
құжаттар
3